Референдумның маңызын жастар түсінуі керек - Тимур Жұмырбаев

31 Мамыр 2022, 16:31
1262
Бөлісу:
Референдумның маңызын жастар түсінуі керек - Тимур Жұмырбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді «Ассамблея жастары» жастар ұйымының жетекшісі Тимур Жұмырбаев айтты. 

Негізі конститутциямызға енгізілетін өзгерістер қазіргі таңдағы қоғамның талабын көрсетіп отыр. Жыл басынан көтерілген бірқатар мәселе заңгерлер мен тағы да басқа мамандардың талқылауынан өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларында қаңтар оқиғасынан бері айтылып келе жатқан мәселелер көтерілген. Реформаның басты мақсаты – саяси жүйені жаңалау, Парламенттің рөлін күшейту, адамның негізгі құқықтарын нығайту және кеңейту арқылы суперпрезиденттік басқару түрінен президенттік басқару түріне көшу, - деді ол. 

Жұмырбаевтың айтуынша, әрбір азамат реформалардың үдерісіне қатысып, саяси жүйедегі өзгерістерді толықтай сезінуі керек. 

Меніңше, заңға енгізілген өзгерістер Парламент пен жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейтеді. Бұл – қоғамның әртүрлі категорияларының өкілдерінен тікелей қалыптасатын тұғыр десек болады. Алдағы уақытта түзетулер жастардың саяси үдерістерге белсене араласуына, мәслихаттар мен Парламентке сайлануына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мінберді пайдалану, қоғам мүддесін білдіру және өзекті мәселелерді шешу жолдарын құру мүмкіндігін береді. Түзетулер жаңа құзыретті, жауапкершілікке дайын және заманауи идеяларды меңгерген көшбасшылардың, соның ішінде жастардың өсуіне ықпал ететінін көремін, - деп атап өтті Тимур Жұмырбаев. 

«Жастар ассамблеясы» жастар ұйымының жетекшісі атап өткендей, Конституциялық соттың құрылуы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесінің нығаюы және өлім жазасын алып тастау демократиялық институттарды кеңейтудегі елеулі қадам болады. 

Біз азаматтық бірлігімізді көрсетуіміз керек. Қазір елімізде болып жатқан өзгерістерге ықпал ете аламыз .Референдум – біздің ел үшін өте сирек кездесетін саяси процесс, бірақ ол қоғамды реформалау үдерісіне тартуға мүмкіндік береді. Және біз бұл мүмкіндікті дұрыс пайдалануымыз керек. Мұны ,әсіресе қазақ жастары түсінуі керек. Біз осы елде тұрып жатырмыз және болашағымызды мемлекет тағдырынан бөлек қарастырмаумыз керек, – деп түйіндеді сөзін Тимур Жұмырбаев.

Өзгелердің жаңалығы