Референдумға қанша қаржы керек: Қаржы министрлігі түсіндірді

Қаржы министрлігіне референдумды қаржыландыру бойынша әзірге ресми сұраныс түскен жоқ. Бұл туралы Сенат кулуарында ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 gov.kz Бүгiн 2026, 11:00
Бүгiн 2026, 11:00
115
Фото: gov.kz

Қаржы министрлігіне референдумды қаржыландыру бойынша әзірге ресми сұраныс түскен жоқ. Бұл туралы Сенат кулуарында ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы тиісті құжатты жақын арада жолдауды жоспарлап отыр.

Біз Орталық сайлау комиссиясымен байланысқа шықтық. Олар сұранысты бүгін түстен кейін немесе ертең түске дейін жіберетінін айтты. Қазіргі уақытта Қаржы министрлігіне ешқандай құжат келіп түскен жоқ, – деді ол.

Қаржыландырудың ықтимал көзі туралы сұраққа жауап берген вице-министр қаражат Үкімет резервінен бөлінуі мүмкін екенін нақтылады.

Сондай-ақ Даурен Темірбеков бұған дейін айтылған 20 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінуі мүмкін деген ақпаратқа да пікір білдірді.

Ондай мәлімет менде жоқ. Орталық сайлау комиссиясының ресми деректерін күтейік. Олар есеп-қисаптарын ұсынғаннан кейін референдум өткізуге қанша қаражат қажет екенін хабарлаймыз, – деп қосты вице-министр.

Наверх