Референдумды ұйымдастырушы топтың құрамында болдым – Абдрахманов

5 Маусым 2022, 10:30
1548
Бөлісу:
Референдумды ұйымдастырушы топтың құрамында болдым – Абдрахманов
PHOTO
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сауытбек Абдрахманов Елордада «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан 16 сағаттық онлайн марафонда 1995 жылы өткен референдумның қалай өткені туралы естеліктерімен бөлісті.

Референдумды ұйымдастырушы топтың құрамында болдым – Абдрахманов
Референдумды ұйымдастырушы топтың құрамында болдым – Абдрахманов

1995 жылы мен мемлекеттік қызметте едім. Президент әкімшілігінде Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары болатынмын. Сондықтан референдумға тек дауыс беруші ғана емес, сол референдумды тікелей ұйымдастырушы топтың құрамында болдым, штабта жұмыс істедім, – деді ол.

Референдумды ұйымдастырушы топтың құрамында болдым – Абдрахманов

Депутат тәуелсіздіктен кейінгі алғашқы жылдарда халықтың көңіл күйі өте жоғары болғанын және 1995 жылы өткен екі референдум да саяси өрлеу үстінде өтті деп айтудың ешқандай артықтығы жоқ екенін айтты.

Референдумды ұйымдастырушы топтың құрамында болдым – Абдрахманов
Референдумды ұйымдастырушы топтың құрамында болдым – Абдрахманов

Бірінші референдум Мемлекет басшысының өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту жөнінде болды. Халық ол ұсынысты қолдады. Өйткені ол кезде президент сайлауын қайта-қайта өткізіп шаршап жатудың қажеті шамалы еді. Екі тізгін, бір шылбырды бір қолға беріп, президенттік билікті күшейту қажет болды. Ол мақсат орындалды. Екінші референдум Қазақстанның жаңа Конституциясын талқылауға байланысты болды. Осы бағытта да үлкен жұмыс жүргізілді. Әлі есімде референдумға дауыс беретін халықтың 90 пайызы қатысты. Дауыс берген адамдардың 90 пайызы референдумды қолдады, 10 пайызы қарсы дауыс берді. Әлі есімде 7 миллионнан астамы қолдап, 800 мыңнан астамы қарсы дауыс берген болатын, – деді депутат.

Өзгелердің жаңалығы