Бүгін елімізде атом электр станциясының құрылысына қатысты республикалық референдум өтіп жатыр. Саясаттанушы Рустем Кадыржанов референдумға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Саясаттанушы референдумге қатысып, дауыс беру әрбір азаматтың борышы екенін атап өтті.
Әр адам референдумға қатысуы керек. Референдумда өз пікірін білдіріп қана қоймай, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосудың бірегей мүмкіндігі ретінде қабылдауы тиіс. Себебі әр адамның өз пікірі бар. Референдумда әр адамның дауысы маңызды. Менің ойымша, дауыс беруді еліміздің әрбір азаматы өзінің азаматтық борышы деп санауы тиіс. Бүгін таңмен таласа тұрып, отбасымызбен бірге дауыс беруге бардым,- деді Рустем Кадыржанов.