Референдум: Дауыс беру бойынша қай өңір көш бастап тұр

6 Қазан 2024, 12:11
671
Бөлісу:
Референдум: Дауыс беру бойынша қай өңір көш бастап тұр
Фото: Арман Мухатов архив

ҚР Орталық сайлау комиссиясы сағат 12.00-ге дейін азаматтардың келуі туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 39,23%-і бюллетень алды.

Референдум: Дауыс беру бойынша қай өңір көш бастап тұр

Оның ішінде:
1. Абай облысы бойынша – 42,22%
2. Ақмола облысы бойынша – 45,48%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 44,87%
4. Алматы облысы бойынша – 41,76%
5. Атырау облысы бойынша – 43,94%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 36,67%
7. Жамбыл облысы бойынша – 36,27%
8. Жетісу облысы бойынша – 37,35%
9. Қарағанды облысы бойынша – 46,89%
10. Қостанай облысы бойынша – 44,04%
11. Қызылорда облысы бойынша – 37,63%
12. Маңғыстау облысы бойынша – 38,50%
13. Павлодар облысы бойынша – 36,54%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 39,85%
15. Түркістан облысы бойынша – 44,52%
16. Ұлытау облысы бойынша – 43,31%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 37,63%
18. Астана қаласы бойынша – 41,93%
19. Алматы қаласы бойынша – 11,88%
20. Шымкент қаласы бойынша – 57,03%
Азаматтардың уақытша болатын жерлеріндегі 358 референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды.

Келесі жедел ақпарат сағат 14.05-те берілетін болады.

Еске салсақ, ОСК ұсынған сағат 10.00-ге азаматтардың келуі туралы ақпаратты жариялаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы