Қазақстанда республикалық референдум күні 585 бала дүниеге келді. Жаңа туған нәрестелердің 310-ы ұл, 275-і қыз бала, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрліктің мәліметінше, бұл күні дүниеге келген сәбилердің арасында егіздер де болған. Олар Ақтөбе және Түркістан облыстарында туған.
2026 жылғы 15 наурызда, республикалық референдум өткен күні, елдің медициналық ұйымдарында 585 нәресте дүниеге келді. Бір тәуліктің ішінде барлығы 583 босану қабылданды, оның ішінде Ақтөбе және Түркістан облыстарында 2 егіз тіркелді. Балалардың ел үшін маңызды күні дүниеге келуі - өмірдің жалғасуы мен Қазақстанның болашағының нышаны. Әрбір жаңа азамат - мемлекеттің әрі қарай дамуына, әл-ауқаты мен өркендеуіне деген үміт. Еліміздің барлық өңірлерінде медицина қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетіп, жоғары біліктілік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті, - деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында референдум күні дүниеге келген сәбиге Атазаң есімі қойылған болатын.