Сеул мен Токиодағы референдум учаскелері өз жұмысын бастады

Шетелдегі барлық референдум учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумағында ұйымдастырылған.

 Сыртқы істер министрлігі Кеше 2026, 03:12
Кеше 2026, 03:12
164
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі шетелдегі референдум учаскелерінде еліміздің жаңа Конституциясы бойынша өтіп жатқан референдумдағы дауыс беру барысын жария ету жұмыстарын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шетелдегі барлық референдум учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумағында ұйымдастырылған.

Алғашқылардың бірі болып Қазақстан азаматтары Корея Республикасы мен Жапонияда дауыс беру мүмкіндігіне ие болды.

Сеул қаласындағы №422 және Токио қаласындағы №425 референдум учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылып, дауыс беру басталды.

Шетелдегі барлық референдум учаскелеріндегі дауыс беру барысы туралы ақпарат арнада жүйелі түрде жарияланып отырады.

Наверх