Референдум: Қазақстан бойынша дауыс беру учаскелері ашылды

Қазақстандықтар жалпыхалықтық дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын қолдау немесе қолдамау жөнінде өз таңдауын жасайды.

 BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Кеше 2026, 07:00
Кеше 2026, 07:00
319
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қазақстан бойынша барлық референдум учаскелері өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміз бойынша дауыс беру үшін 10 мыңнан астам референдум учаскесі ашылды, оның 622-сі – арнайы учаскелер. Олар перзентханаларда, әскери бөлімдерде, медициналық мекемелерде және басқа да ұйымдарда орналасқан.

Арнайы учаскелер Астана уақыты бойынша сағат 06:00-де, ал әдеттегі учаскелер 07:00-ден бастап жұмысын бастады. Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады.

Сайлау органдарының мәліметінше, референдумға қатысушылардың тізіміне 12 461 796 азамат енгізілген.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 ақпандағы Жарлығына сәйкес өткізіліп жатқан референдумда азаматтар «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауалға жауап береді.

Осылайша, қазақстандықтар жалпыхалықтық дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын қолдау немесе қолдамау жөнінде өз таңдауын жасайды.

Наверх