Референдум кезінде мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасалады

Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыным.

 gov.kz Бүгiн 2026, 17:35
Бүгiн 2026, 17:35
313
Фото: gov.kz

Орталық референдум комиссиясы 15 наурызға белгіленген республикалық референдум кезінде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беру құқығын толық іске асыруға жағдай жасалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 20 ақпандағы № 288-V ҚРЗ Заңымен ратификацияланған Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияға, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы қаулы етеді:

1.Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 қаулысымен бекітілген Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулыққа және 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 24/217 қаулысымен бекітілген Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарға сәйкес референдум учаскелерінде мүгедектігі бар адамдардың дауыс беру құқығын іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

2.Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Л.К. Сүйіндіковаға жүктелсін.

Наверх