Референдум халыққа дауыс беру арқылы елдегі саяси мәселелерді шешуге мүмкіндік береді

18 Мамыр 2022, 15:18
2445
Бөлісу:
Референдум халыққа дауыс беру арқылы елдегі саяси мәселелерді шешуге мүмкіндік береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі Зәуреш Баймолдина ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Брифингке қатысушылар референдум халыққа не әкеледі және не үшін өткізілейін деп жатқанын түсіндірді. 

Енді халықтың әртүрлі мемлекеттік органдардың қалыптасуына қатысу құқығы  кеңейеді. Атап айтқанда оған жергілікті атқарушы органдар жатады. Біз пропорционалдық сайлау жүйесінен алыстаймыз. Мәжіліс аралас сайлау нәтижесінде жасақталады. Яғни, мәжілісмендер мажоритарлық жүйе бойынша да сайланады. Мәжіліске ұсынылатын кандидатқа халық дауыс береді. Ал жергілікті жердегі мәслихаттар да депутаттық корпус арқылы аралас сайлай бойынша құрылады, - деді ол. 

Баймолдина атап өткендей, мәслихаттар да облыс және республикалық қалалардың әкімін сайлауға әсер етеді.

Бұл қоғамның саяси жаңғыруына ғана емес, халықтың мемлекеттік стерді басқаруға қатысуын кеңейтуді білдіреді. Референдум бұл жағдайда халыққа дауыс беру арқылы елдегі саяси мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, - деді Баймолдина. 

Өзгелердің жаңалығы