Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Мемлекеттік дамудың жаңа кезеңі: Әділетті Қазақстан құру» тақырыбындағы дөңгелек үстелде айтылды.
Бізде 68 пайыз қатысып, оның 78 пайызға жуығының қолдауы жақсы көрсеткіш. Әрине, ескі Қазақстанда одан да жоғары көрсеткіштерге үйреніп қалдық қой: 85, 90 дегендей, 93, 97 дегендей. Осы жолғы көрсеткіш шынайы көрсеткішке жақын деп айта аламыз, – деді саясаттанушы Елдос Жұмағұлов өз сөзінде.
Сонымен қатар саясаттанушы референдумда халық арасында қандай сауалдар мен түсінбеушіліктер туғанын айтып берді.
«Неге барлық баптар бойынша жеке-жеке жауап бермедік?» деген кейбір сұрақтар болды. Референдумда білесіздер, бірақ сұрақ шығарылады ғой. Көзі ашық азаматтардың өзі барлық баптар бойынша жеке-жеке жауап береміз деп ойлағанбыз дейді, – деді саясаттанушы.
Сондай-ақ Елдос Жұмағұлов облыс әкімдерінің жаңадан құрылған облыстардың өзінде жаңа өзгерістер бойынша белгілі бір бағдарламамен депутаттардың алдында өздерін таныстырып, бағдарлама ұсынатыны халықтан одан есеп сұрауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Аудан әкімдерін сайлауда да халықтың қатысуы арқылы мемлекет басқару ісіне деген сенім қайтып келетінінен үмітте екенімен бөлісті.