ҚР Орталық сайлау комиссиясы сағат 12.00-ге дейін азаматтардың келуі туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 39,23%-і бюллетень алды.
Оның ішінде: 1. Абай облысы бойынша – 42,22% 2. Ақмола облысы бойынша – 45,48% 3. Ақтөбе облысы бойынша – 44,87% 4. Алматы облысы бойынша – 41,76% 5. Атырау облысы бойынша – 43,94% 6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 36,67% 7. Жамбыл облысы бойынша – 36,27% 8. Жетісу облысы бойынша – 37,35% 9. Қарағанды облысы бойынша – 46,89% 10. Қостанай облысы бойынша – 44,04% 11. Қызылорда облысы бойынша – 37,63% 12. Маңғыстау облысы бойынша – 38,50% 13. Павлодар облысы бойынша – 36,54% 14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 39,85% 15. Түркістан облысы бойынша – 44,52% 16. Ұлытау облысы бойынша – 43,31% 17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 37,63% 18. Астана қаласы бойынша – 41,93% 19. Алматы қаласы бойынша – 11,88% 20. Шымкент қаласы бойынша – 57,03% Азаматтардың уақытша болатын жерлеріндегі 358 референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды.
Келесі жедел ақпарат сағат 14.05-те берілетін болады.