Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет үшін, билік үшін де бүгінгі референдумда азаматтарымыздың шынайы пікірі қажет. Сондықтанда бұл талқылау жан-жақты ұйымдастырылды. Тура бір жыл бұрын Президент осы мәселе бойынша референдум өткізіледі деп айтқан еді. Біздің Қазақстанның жаңа тарихында мұндай ұзақмерзімді саяси науқан болмас емес. Үкімет осы мәселе бойынша 402 күн талқылауға салды, – деді мемлекеттік кеңесші.
Ерлан Қаринның сөзінше, бүгінгі референдум арқылы еліміздің экономикалық даму стратегиялық бағыты айқындалады.
Әр референдумда маңызды мәселе көтеріледі. Сондықтан барша азаматтарды референдумға келіп, өз шешімдерін шығарып, дауыс беруін сұраймын. Референдумда көтерілген сұрақтан бөлек референдумның өзі де маңызды. Байқасаңыздар, Қазақстан ТМД кеңістігіндегі осындай өзекті сұрақ аясында референдум өткізіп жатқан жалғыз ел, - деді Қарин.