Референдум-2026: Кей облыстарда қатысу 80%-дан асты

Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша референдумға қатысу көрсеткіші өңірлерде артты.

 ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов Кеше 2026, 18:12
Кеше 2026, 18:12
360
Фото: ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов

Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов республикалық референдумға азаматтардың келуіне қатысты кезекті мәліметті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 18.00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі белсенділік төмендегідей қалыптасты, - деп атап өтті Орталық референдум комиссиясының хатшысы.

Абай облысында дауыс беруге келгендер үлесі 73,84%-ды құраса, Ақмола облысында – 77,72%, Ақтөбе облысында – 83,12% болды. Алматы облысында бұл көрсеткіш 70,27%, Атырау облысында – 71,08%.

Батыс Қазақстан облысында – 66,90%, Жамбыл облысында – 81,07%, Жетісу облысында – 73,84%. Қарағанды облысында келу деңгейі 81,44%, Қостанай облысында – 80,11%.

Қызылорда облысы 91,80% көрсеткішпен ең жоғары белсенділік танытты. Маңғыстау облысында – 76,84%, Павлодар облысында – 71,85%, Солтүстік Қазақстан облысында – 68,58%.

Түркістан облысында дауыс беруге келгендер үлесі 82,03%, Ұлытау облысында – 70,57%, Шығыс Қазақстан облысында – 83,63% болды.

Астана қаласында бұл көрсеткіш 56,72%-ды құрады. Алматы қаласында – 32,82%, ал Шымкентте – 74,44% деңгейінде тіркелді.

Наверх