«Реал» Криштиану Роналдуды командаға қайтарып алуға ниетті

17 Тамыз 2021, 18:19
4356
Бөлісу:
«Реал» Криштиану Роналдуды командаға қайтарып алуға ниетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мадридтік Реалдың бас бапкері Карло Анчелотти туриндік «Ювентус» сапында өнер көрсететін Криштиану Роналдуды қайта мадридтік командаға алғысы келетінін мәлімдеді. 

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. 

Marca басылымның ақпараты бойынша Анчелотти 36 жастағы ойыншыны қайтарып алу үшін Роналдудың агентімен байланысқа шыққан. Мадридтік команданың көпшілік футболшысы да шабуылшының қайтып келуіне қарсы еместігін білдірген.

Бірақ «Реалдың» президенті Флорентино Перес болса, командаға Роналдуды емес, Пари Сен-Жермен командасының шабуылшысы Килиан Мбаппені алғысы келеді. 

Егер президент франциялық шабуылшыны сатып ала алмаса, онда Криштиануды қайтарып алудың әрекетін жасайды.

Айта кетейік, Анчелотти мен Роналду бұған дейін «Реалда» бірге жұмыс істеген. Ол 2013/14 жылғы маусымда Чемпиондар лигасын жеңіп алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы