Реабилитациялық тыныс алу гимнастикасы тиімді, тек...

6 Шілде 2020, 11:56
2961
Бөлісу:
Реабилитациялық тыныс алу гимнастикасы тиімді, тек...

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы кездері әлеуметтік желілерде тыныс алу гимнастикасына қатысты видеохабарламалар тарап жатыр. Осыған қатысты "Астана медицина университеті" КЕАҚ кафедрасының доценті Баян Тұрдалина ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Коронавирус бойынша ағымдағы жағдай" тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында ойын білдірді.

Кез келген адам коронавирус инфекциясы вирусты, инфекционды процесс екенін ұмытпауы керек. Бұл процесс кезінде өкпе немесе өзге де органдарда түрлі өзгерістер болуы мүмкін. Әрине, реабилитациялық тыныс алу гимнастикасы тиімді, бірақ жедел кезең аяқталғаннан кейін. Кез келген инфекциялық аурулардың жедел кезеңінде қосымша тыныс алу гимнастикасы немесе физиотерапиялық әдістер қолданылатын болса, ол ағзаға тек зиян келтіреді. Сондықтан, тыныс алу гимнастикасын науқас негізгі емін алып болып, үйге шығарылғаннан кейін қолдануға болады. Оның өкпе қызметін қайта қалпына келтіруде маңызы зор, - деді ол. 

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлеуметтік желілерде тарап жатқан шымкенттік реабилитологтың видеосына қатысты ойын білдірген болатын.

Естеріңізге сала кетейік,  маман тыныс алу жаттығуларын аурудың шарықтау кезінде жасағанды тоқтата тұру керектігін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы