Рауан Кенжеханұлы "100 жаңа оқулық" жобасының нәтижелері туралы айтты

13 Тамыз 2020, 13:06
2910
Бөлісу:
Рауан Кенжеханұлы "100 жаңа оқулық" жобасының нәтижелері туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барысында "Ұлттық Аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы "100 жаңа оқулық" жобасы туралы айтып берді. 

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының бір бағыты – қазақ тіліндегі "100 жаңа оқулық". 2017 жылы бұл жоба жүзеге асырыла бастады. Оны жүзеге асыру үшін "Ұлттық Аударма бюросы" да құрылды. Қазір бюрода 300-ден астам маман жұмыс істеп жатыр. Шетелдік оқу орындардағы бағдарламаға енетін ең жақсы деген оқулықтарды қазақ тіліне аударып, студенттерге жеткізіп беру қарастырылған. Бұл "Болашақ" бағдарламасының жалғасы іспеттес, - деді Рауан Кенжеханұлы. 

Ол атап өткендей, қазір елімізде жарты миллионнан астам студенттің 70 пайызы қазақ тілінде білім алады. 
Жобаны іске асыру үшін оқу орындарындағы мамандар қажетті оқулықтың тізімін берді. Жалпы, оқу орындарынан 800-ден астам оқулықты аудару қажет деген тілек келіп түсті. Олардың басым бөлігі гуманитарлық салаға қатысты болып отыр, - деді ол. 
Рауан Кенжеханұлы бұл жобаның қазақ тілін дамытуға қосатын үлесі зор екенін айтты. 
2017 жылдан бері бағдарлама аясында 77 оқулық аударылып, оқу орындарына таратылды. Олар 10 мың данамен басылып, Қазақстандағы 132 ЖОО-ның кітапханаларын толтырды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы