РАТА – қазақстандықтармен жақын танысу жолы – Раджастан туризм министрі

20 Қыркүйек 2019, 12:05
2959
Бөлісу:
РАТА – қазақстандықтармен жақын танысу жолы – Раджастан туризм министрі
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада өтіп жатқан РАТА (Азия және Тынық мұхиты елдерінің туристік қауымдастығы) көрме павильонына орналасқан Раджастан (Үндістан) штатынының туризм министрі Говинг Сингх Дотастра делегацияны өзі бастап келген. Осы орайда, министрмен сұқбаттасудың сәті түсті.

Раджастан – туристер арасындағы ең танымал штат. Тарихи ескерткіштері көп, түрлі тағамға бай, мәдениеті. шөлдегі сафаримен қоса, орманды алқабы мен фаунасы ерекше. 

РАЖ6.jpg

Раджастан билігі турист тарту үшін қандай шаралар қолданады?

Раджастан – шөлді аймақ. Бірақ тек шөлінің сұлулығы емес, бүгін көрмеге әсем табиғатының, тарихи ошақтарының көріністерін де алып келдік. Тарихи ескерткіштерге де бай штат. Көлдер, қалың ормандар мен қатар тарихи храмдарды аралауға болады. Туризм саласындағы бағыттарға келер болсақ, біздің үкіметтік бағдарламамызда алғаш болып ескерілген жайт – туристердің қауіпсіздігі. Ол үшін, тіпті, туристік полиция пунктері бар. Яғни, Раджастанға келген туристер полиция учаскесін іздеп жүрмейді, барлық жерде дерлік туристік полиция отыр. Соларға жүгініп, көмек сұрай алады. Мұның барлығы туристер өздерін қауіпсіз сезінуі үшін, оларды қорғайтын, көмекке келетін тұлғалар бар екенін білу үшін жасалған. Келесі қолға алынған шара – тазалық. Туристер өздерін үйіндегідей қылып сезінуі – біз үшін маңызды. Айта берсек, пункт көп. Бірақ туристер үшін ең бастысы – қауіпсіздік пен тазалық керек. 

РАЖ1.jpg

Бармер храмы, далалық жер – Даус, Раджаманд көлі, Тонкадағы мешіттер, қарапайым базарлар Радажстанға келген туристер жиі баратын жерлер. Саяхатты жақсы көретін жандар Алвар Сараск жолбарыс қорығы мен Рантхамбор Саваймадхопур, Кеоладео Бхаратпур ұлттық парктерін де аралайды.

РАЖ2.jpg

Қазақстандықтар сіздің аймақ туралы көп біле бермейді. Раджастан туралы ақпарат аз сияқты, қалай ойлайсыз?

Сол үшін де мен осындаман (күледі – авт.). Раджастанды таныту үшін, адамдар көбірек білуі үшін РАТА көрмесіне арнайы қатысып жатырмыз. Мұндай көрмелердің туристік аймақ үшін маңызы зор. Раджастанның туризмін дамытқымыз келеді. Раджастаннан түрлі түсті киім мен шөлден бөлек, өзіндік мәдениеті сақталған аймақ. Сондықтан Раджастанға келіп, танысуға кеңес беремін. Иә, раджастандықтар да Ресей туралы біледі. Бірақ Қазақстан жайлы аз біледі. Сондықтан бүгінгі көрме екі ел тұрғындары арасындағы көпір болары сөзсіз.

РАЖ3.jpg

Раджастанды аралау үшін туристің бюджеті шамамен қанша болу керек?

Бұл туристің қалауы мен қалтасындағы ақшасына байланысты. Егер all inclusive болса, яғни қаладағы нысандарды, туристік жерлерді көбірек көргісі келсе, қымбатырақ қонақүйде тұрғысы келсе, мұндай қонақүйлер мен қызметтер бар. Ал егер «бюджет» турист болса, онда оның да ақшасына сәйкес арзан қонақүйлер бар. Мұндайда Раджастанды қауіпсіз қонақүйде тұрып, аймақты аралау қымбат емес. Раджастанда тек ұшақпен емес, көлікпен да аралап шығуға болады. Раджастан аймағының астанасы және қазір туристік аймағы – Джайпур. Бүгінде бұл қалаға қызығушылығы артқан туристердің саны күн сайын көбейіп жатыр.

РАЖ4.jpg

Қазақстанның туристік әлеуетіне қатысты қандай пікір білдіре аласыз?

Біріншіден, осы көрмеге қатысып жатқанымыз үшін қуаныштымыз және алғыс білдіреміз. Нұр-Сұлтан – жас қала. Жас та болса, өте таза, биік ғимараттарға толған қала. Тағы қаладағы көлік қозғалысы жақсы реттелген. Біз Қазақстаннан осыны үйренуімізге болады. Раджастан тұрғындары да енді-енді Қазақстан туралы біліп жатыр. Сондықтан туризм бизнесін дамытып, бір-бірімізбен жақын танысу үшін осындамыз. 

РАЖ5.jpg

Сұқбатыңыз үшін рақмет!


Өзгелердің жаңалығы