Расул Жұмалы: Қателіктерді түзету – жауапты саясаттың көрінісі

29 Қаңтар 2022, 14:32
2047
Бөлісу:
Расул Жұмалы: Қателіктерді түзету – жауапты саясаттың көрінісі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Барымызды сақтай отырып орын алған қателіктерді түзету - жауапты саясаттың көрінісі. Бұл туралы саясаткер Расул Жұмалы Facebook-тегі парақшасында жазды.

Белгілі саясаткер сайлауалды бағдарламаның іске асырылуы көпшілік жағдайда формалды қалып отырғанын айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билеуші партияның жаңа төрағасы ретіндегі кешегі сөзі елдегі өзгерістердің жүйелі әрі сапалы түрде жүретінін байқатты. Демократиялық дәстүрлері мен тәжірибесі әлі пісіп-жетілмеген орта үшін бәлкім жалғыз да оңтайлы жол осы. Айналып келгенде популизмге салынып битке өкпелеп тонды отқа тастай салу - оңайдың оңайы. Ал барымызды сақтай отырып орын алған қателіктерді түзету - жауапты саясаттың көрінісі. Атап айтқанда Мемлекет басшысы өткен жылғы сайлауда партия халықтың білдірген сенімін жеткілікті дәрежеде ақтай алмады, нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлауына жол берді деді. Сайлауалды бағдарламаның іске асырылуы көпшілік жағдайда формалды қалып көңіл көншітпейді. Бұның арты қоғамдағы наразылықтың күшеюіне алып келді, - деді ол.

Расул Жұмалының пікірінше, «Nur Otan» партиясы жүргізген Праймериз елдегі проблемаларды толықтай шеше алмайды.  

Праймеризді жүргізіп партияның іштей жаңарғаны, өкінішке орай, елдегі қордаланған түйткілдерді еңсеруге әлі жетпеді. Сондықтан басты мақсат орын алған кемшіліктерді шынайылықпен мойындап, халықтың мүддесін қорғау тұрғысында кадрлық тағайындаулармен қатар нақты тапсырмалар берілді. Жаңа төрағаның сөз бен істің сабақтастығына ерекше мән бөлетінін ескерсе алдағы уақытта партияның жұмысына жан бітеді деген үміт зор, - деді қоғам белсендісі.

Өзгелердің жаңалығы