Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған көрме ашылды

10 Мамыр 2024, 21:27
666
Бөлісу:
Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған көрме ашылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы музейінде жеңіс туын тіккен халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ерліктің өшпес даңқы» атты көрме өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Экспонаттар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер әскери-тарихи музейі мен Алматы музейі қорларынан алынған. Онда Ұлы Отан соғысы батырларының фотосуреттері, құжаттары мен марапаттары, соғыс кезіндегі қару-жарақтар бар.

Сондай-ақ Кеңес Одағының батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов және 1945 жылы Жеңіс шеруіне қатысқан, Қазақ КСР Ішкі істер министрі — Андрей Георгиевич Платаевтың әскери киімдері мен медальдары да көрме экспозициясына қойылды.

Көрме 13 мамырға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы