Рамзан Қадыров күйеу жігіттерге 50 мың рубльден таратып берді

8 Маусым 2020, 21:31
1494
Бөлісу:
Рамзан Қадыров күйеу жігіттерге 50 мың рубльден таратып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров қалыңдығының қалың малын өтеуге ақшасы жоқ, карантиннің салдарынан табысынан айырылған 207 күйеу жігітке ақша бөлді. Бұл туралы  РИА Новости хабарлады. 

Бұл қаражат Ахмет қажы Қадыров қорынан бөлінетін көрінеді.

Әрбір күйеу жігіттің отбасы 50 мың рубль (шамамен 290 мың теңге) иеленеді екен. Бұл ақша мұсылмандық шарттары бойынша қалың малды өтеуге жұмсалуы қажет. 

Бұған қоса карантин кезінде қыз ұзатуға жігіт тарапынан тек екі көлік бара алатыны айтылыпты. 

Атап кетерлік жайт, Шешенстанда коронавирус пандемиясына байланысты сәуір айынан бастап мұсылмандық салт-дәстүр бойынша неке қиюға тыйым салынған. 25 мамырда бұл шектеу алынған, десек те тойды дүркіретіп өткізуге әлі де болса рұқсат берілмеген. 

 

Өзгелердің жаңалығы