Рамазан айының алғашқы аптасында және «Наурызнама» аясында республика бойынша Қайырымдылық күніне орай 5055 отбасына азық-түлік себеттері таратылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталмыш іс-шара ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен өткізілді.
Өңірлер бойынша төмендегі отбасыларға көмек берілді:
Астана қаласы – 1250, Алматы қаласы – 100, Алматы облысы – 300, Ақтөбе қаласы – 383, Ақмола облысы – 20, Жетісу облысы –250, Атырау облысы – 100, БҚО – 100, Жамбыл облысы – 90, Ұлытау облысы – 60, Қарағанды облысы – 300, Қостанай облысы – 13, Қызылорда облысы – 610, Маңғыстау облысы – 10, Павлодар облысы – 100, Түркістан облысы – 360, Шымкент қаласы – 600, СҚО – 100, Абай облысы – 30 және ШҚО – 200.
Сондай-ақ 3 мүгедектер үйіне, 2 балалар үйіне және 2 қарттар үйіне қайырымдылық көмек көрсетілді. Одан бөлек, 15000 отбасына ауызашар дастарқаны жайылды.