Оразаға бір ай қалды

Кеше, 19:45
228
Бөлісу:
Оразаға бір ай қалды
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айының басталуына 30 күн қалуына орай дәстүрлі күн сайынғы хабарлама таратуды бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Діни басқарма бекіткен 2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді. Кесте бойынша, биыл ораза 29 күнге созылады. Дегенмен, Ал Қадір түні – наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түн.

Оразаға бір ай қалды

Дегенмен, жаңа айдың көрінуіне байланысты бұл күндер бір күн алға немесе бір күн кейін шегерілуі мүмкін екенін есте сақтаған жөн.

Діни басқарма Рамазан айы басталмай тұрып, өткен жылдағы қаза болған ораза күндерін толықтырып қойған абзал екенін ескертеді. Сонымен қатар, ақшалай қарыздарды да қайтарып қойған жөн.

Оразаға қатысты парыз бен сүннеттерді, оразаны бұзатын, бұзбайтын амалдарды, оразадағы жеңілдіктерді тағы бір мәрте оқып-біліп алған дұрыс.

Өзгелердің жаңалығы