Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов мәлімдеді.
Елордамызда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының 12 мешіті жұмыс істейді. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және еліміздің мұсылмандар діни басқармасының қала бойынша өкілдігімен, тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесе дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда. Елорда әкімдігі тарапынан 2022 жылдың 2 сәуірі мен 1 мамыр аралығында елорда тұрғындарына түнгі уақытта қоғамдық көліктермен қамтамасыз ету мақсатында елорданың ірі мешіттеріне автобустар қатынайтын болады. Айта кетер болсақ, Әзірет Сұлтан мешіті, Әбу Насыр әл-Фараби мешіті, Сәдуақас қажы Ғылмани мешіті, Ырыскелді қажы мешіті және Райсана мешіті, - деді Нұрдәулет Әлмұханов.
Дін істері басқармасы басшысының айтуынша, рамазан айында туындаған діни өзекті сұрақтар бойынша «109» Call-center жұмыс істейді.