Астанада неге мобильді байланыс желісі тұрақты ұстамайды? Бұл сұраққа ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
«Қалада 4G желісі тұрақты емес. Желі қашан тұрақталады? Ал 5G мәселесі қашан шешілмек?», - деп сұрады БАҚ өкілі Цифрлық даму министрлігінің алқа отырысынан соң.
Ержан Мейрамов сөзінше, 4G байланыс желісінің жұмысын тежеп отырған - радиофобтар. Айтуынша, радифобтардың шағымынан былтыр еліміз бойынша орташа есеппен 20 пайызға жуық операторлар өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған.
Бұл мәселенің бар екенін жоққа шығармаймыз. Оның себептері әртүрлі. Ол - радифобия мәселесі. Мәселен, бір тұрғын үйде радифоб тұратын болса, ол жерден базалық станцияны алып тастайды. Өйткені заңда солай. Яғни, оператор ол жақтан алып тастауға тиіс. Қазіргі біз депуттар арқылы бұл заңға өзгерістерді дайындап отырмыз. Оның нәтижесінде бір ғана адамнан кесірінен бүкілі зардап шекпейтін болады. Сол себепті нақты-нақты заңға өзгерістер енгізетін боламыз, - деді Ержан Мейрамов.