Спорттағы дін мәселесіне қатысты "Жол картасы" қалай жұмыс істейді? Бұл сұраққа Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқи отырыңыз:
Біз профилактика ретінде түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Бет-әлпетіне байланысты емес, діннің радикалды бағыттарына бармау үшін үгіт-насихат айтылады. Спорттағы дін мәселесіне қатысты "Жол картасын" аясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің дін комитетінен теолог мамандарды тартып жатырмыз. Қазір бұл спорттық федерацияларға енгізілді. Егерде сыртқы бет-әлпеті немесе басқа да факторға байланысты нақты сигналдар болса, міндетті түрде тиісті органдарға ақпарат береміз, - дейді Туризм және спорт министрінің орынбасары.
Еске салайық, бұған дейін Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев неге спорт мектептеріне ротация институтын енгізу керегін түсіндірген еді.