ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

30 Желтоқсан 2019, 13:40
2571
Бөлісу:
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Азамат Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ф. Дзержинский атындағы әскери академияны және "Тұран-Астана" университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Түрлі жылдары корпоративтік секторда, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Ұлттық банкінде, "Қазақтелеком" АҚ-да, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, ҚР премьер-пинистрінің Кеңсесінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде, "Самұрық-Қазына" тұрақты даму қорында жұмыс істеген. 

2015-2017 жылдары —ҚР ИДМ Технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры. 

2018-2019 жылдары — "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК» АҚ президенті. 

2019 жылдың ақпан айынан бастап желтоқсанға дейін "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. 

Өзгелердің жаңалығы