Астана, BAQ.KZ. Күні кеше Египет астанасының вокзалында ірі өрт болды.
ҚР Сыртқы істер министрлігінде Египет астанасы Каирдегі теміржол вокзалда болған өртке қатысты түсініктеме берді.
«Каир вокзалындағы өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ», - делінген хабарламада.
Алдын ала жасалған мәліметке сәйкес, Каир вокзалындағы оқыс оқиға салдарынан 28 адам қаза тапты. 50-ден астам адам зардап шекті, олардың көбінің жағдайы ауыр халде.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Каир қаласының орталығында пойыз өртенді. Пойыз Рамсис вокзалының 7-платформасына кіре бергенде қандайда бір бөгетке соғылған, нәтижесінде локомотивте жарылыс болып, өртке оранған. Қаза болғандар мен жарақат алғандардың басым көпшілігі платформада тұрғандар.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады.