Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Осыған орай еріктілердің ұйытқы болуымен Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне Мемлекеттік Ту ілінді, деп хабарлайды Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы.
Оқи отырыңыз:
Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу, қасиетін білу, оны жүрекке тоқу – отансүйгіштіктің белгісі. Қазақстанның әрбір азаматы Әнұранды жатқа айтып, Елтаңбасының тарихын түсініп, көк Туын мәңгі желбіретіп қойса, міне, осы – ұлттық рәміздерімізге деген орасан құрметтің белгісі болмақ. Өйткені ұлттық айшықты таңбалар – елін сүйген кез келген азаматтың намысын көтеріп, рухын асқақтататын мақтанышы.