ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

26 Маусым 2020, 19:13
1328
Бөлісу:
ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Данияр Нұрашұлы Есин берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады ҚР Үкіметінің ресми сайты.

Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және  мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарын атқарды.  

2016-2018 жылдары  - Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы. 2018 жылғы наурыз айынан 2019 жылғы маусымға дейін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасын басқарды. 

2019 жылғы маусымда ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды. 


Өзгелердің жаңалығы