Қазақстан коронавируспен күрес кезінде миллиардтаған қаражатты қайда жұмсады?

2 Сәуір 2020, 15:53
2207
Бөлісу:
Қазақстан коронавируспен күрес кезінде миллиардтаған қаражатты қайда жұмсады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавируспен күресуге және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатып алуға мемлекеттік резервтен 39,1 млрд теңге бөлінді. 

Бұл туралы қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов айтты.

Коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі шараларды қаржыландыруға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті сатып алуға 39,1 миллиард теңге бөлінді, -  деді Берік Шолпанқұлов.
AI9I0008.jpeg

  Оның ішінде коронавирустық инфекциямен күресу бойынша жүргізіліп жатқан эпидемияға қарсы шараларға 23,4 млрд теңге қарастырылған.

Жеке қорғаныс құралдары, дезинфекциялық құралдар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға - 20,6 млрд теңге; зертханалық жабдықтар мен коронавирусты анықтауға арналған тест жүйелерін сатып алуға - 2,7 млрд теңге; Қазақстан азаматтарын Қытайдан эвакуациялауға - 131,1 миллион теңге; Өңірлерге қорғаныс құралдарын, дезинфекциялық құралдар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға 11,5 трлн теңге аударылды. Оның 30%-ы Нұр-Сұлтан (1,4 млрд теңге), Алматы (1,4 млрд теңге), Шымкент (605 млн теңге) қалаларына жіберілді, - деді вице -министр.

Өзгелердің жаңалығы