Қазақстан-Қытай Сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізді

12 Қыркүйек 2020, 20:07
2570
Бөлісу:
Қазақстан-Қытай Сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Сыртқы істер министрі Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

photo5975230606562405248.jpg

Сапар аясында Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болып, түрлі салалардағы өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. 

photo5395332364298727427.jpg

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Имен келіссөздері өтті. 

Келіссөздер барысында тараптар аса жоғары және жоғары деңгейдегі бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарға бейілділігін растап, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, тараптар «Нұрлы жол» ҰЭБ және «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен қатар, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия - Қытай» сияқты халықаралық ұйымдар, форумдар және диалогтық алаңдар аясында өзара тиімді ынтымақтастықты күшейту мәселелерін талқылады, - делінген ведомство мәліметінде.
photo5395332364298727426.jpg

СІМ басшылары COVID-19 жаһандық пандемиясына қарсы іс-қимылды жандандыруға, сондай-ақ 2020 жылдың соңына дейін бейнеконференцбайланыс режимінде бірқатар маңызды екіжақты іс-шараларды өткізуге келісті. 

Келіссөздер нәтижелері бойынша Министрлер Қазақстан-Қытай стратегиялық серіктестігінің негізгі мәселелері бойынша бірқатар маңызды уағдаластықтарға қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы