Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын тереңдету перспективалары талқыланды

10 Қыркүйек 2020, 17:14
1608
Бөлісу:
Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын тереңдету перспективалары талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Беларусь Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесті.

2020 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Павел Утюпинмен кездесті.

Тараптар өнеркәсіп, көлік, авиация, құрылыс сияқты салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады.

Елдеріміз арасындағы өнеркәсіптік кооперация аясында ауыл шаруашылығы, тіркеме, жүк және карьерлік техниканы құрастыруды жүзеге асыратын 8 жоба бірлесіп іске асырылған.

Бейбіт Атамқұлов осы саладағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстанда құрастыру өндірістері мен құрылыс материалдарының компоненттерін оқшаулауды дамыту қажеттігін атап өтті, - делінген хабарламада.

Утюпин өз кезегінде екі ел арасындағы теміржол көлігі мен машина жасау саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар өткізілген кездесуге ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.



Өзгелердің жаңалығы