Қызын тұншықтырып, өзі суицид жасаған әйелге қатысты тың мәлімет шықты

27 Маусым 2024, 11:39
2299
Бөлісу:
Қызын тұншықтырып, өзі суицид жасаған әйелге қатысты тың мәлімет шықты
VIDEO
Фото: скриншот

Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Алматыда қайтыс болған әйелге байланысты жағдайды айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айта кетейік, жақында Алматыдағы орталық демалыс саябағында әйел аттракционнан секіріп, қаза болған еді.

Әйел саябақтағы айналма дөңгелегінен секіріп, суицид жасады. Туыстарының айтуы бойынша, ол бұған дейін ерекше қажеттіліктері бар кішкентай баласын буындырып өлтіргенін айтып, хабарлаған. Жедел топ әйелдің тұрғылықты жеріне барған кезде баланың денесі табылды, - деді вице-министр Марат Қожаев.

Ол қазір істің тергеліп жатқанын, әйелді мұндай әрекетке не итермелегені және оның не себепті болғаны туралы анықталып жатыр.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы