Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.
Дәрігердің айтуынша, жұқпалы аурулардың алдын алу жолында екпенің маңызы зор.
Мысалы, қызылшаға қарсы нақты ем жоқ, алайда ауруды алдын алудың жалғыз сенімді әдісі – ол вакцинация. Қызылшаға қарсы егулер 60 жылға жуық уақыт бойы жүргізіліп келеді және осы жылдар ішінде вакциналар алдын-алудың қауіпсіз және тиімді әдісі ретінде дәлелденді, - деп атап өтті Сархат Бейсенова.
Сонымен қатар ол пандемияның алдында күрт көбейген қызылша ауруының өршуіне екпе алмау себеп болды деп отыр.
2018-2019 жылдары еуропалық аймақ елдерінде қызылшамен сырқаттанушылықтың кең таралуы және өсуі тұрғындардың қызылшаға қарсы вакцинацияның жеткіліксіз қабылдауы және біркелкі қамтылмауының салдары болып табылады. Мәселен, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында қызылшамен ауырғандардың - 68%-ы, яғни 2772 науқастың 1874-і вакцина алмағандар, - деді ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін бас қаланың бас санитар дәрігері елордада иммундау апталығы өтіп жатқаны туралы хабарлаған болатын.