Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды

15 Сәуір 2022, 10:43
2282
Бөлісу:
Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Миялы ауылының  батыс  бетінде 50 метр жер биіктетіліп, қорғаныс бөгеттері күшейтілді, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Ойыл өзенінің тасуына байланысты Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды. Жағдай облыс әкімінің  жеке бақылауында. Бұл жайында өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды. 

Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды

Қазіргі таңда қорғаныс мақсатында 300 тонна құм және 500-ден астам топырақ толтырылған мөшек қойылды.

Оқиға орнында 3 ауыр техника (2 КАМАЗ, 1 погрузчик), 70-ден аса ауыл жастары еріктілер жүр. Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері қауіп бар аймақтарда күшейтілген кезекшілікте тұр.

Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды

Бүгін ауылдағы үйлерді су басудың алдын алу үшін «Миялы-Қарабау-Индер» автожолын жыру туралы шешім қабылданды. Қауіп сейілгеннен кейін жол қалпына келтіріледі.

Өзгелердің жаңалығы