Қызылордалықтар "Қызылорда-Жезқазған" жол құрылысына алаңдаулы

7 Маусым 2023, 13:18
956
Бөлісу:
Қызылордалықтар "Қызылорда-Жезқазған" жол құрылысына алаңдаулы
Фото: Артём Чурсинов архив

Бұл мәселені Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясында БАҚ өкілі көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Халықтың көкейіндегі сұрақты жеткізген журналист ел арасында жол апаты көп болғандықтан, «долина смерти» деп аталған «Қызылорда-Жезқазған» тас жолының құрылыс жұмыстары аяқталмай қала ма деген алаңдаушылық барын айтты. Себебі өңірде битумнан үнемі тапшылық болады.

«Қызылорда-Жезқазған» тас жолын жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен былтыр маусым айында басталды. Қазіргі таңда қызу жүріп жатыр деп айтуға толық негіз бар. Битум мәселесі Үкімет басшысының да, министрдің де бақылауында. Битумды артығымен алып қойған. Ол Қызылорда қаласының қоймаларында сақталған, - деп жауап берді Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Әкім Қызылорда облысынан Ұлытау облысының Жезқазған қаласына дейінгі 216 шақырымды құрайтын арақашықтықтың биыл 140 шақырымға жуығы аяқталатынын айтты. Ал қалған жолды 2024-2025 жылдары бітіру жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы