Қызылордалық студент күн сәулесінен қуат алатын орындық ойлап тапты

Қызылордалық студент күн сәулесінен қуат алатын орындықтар ұсынуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Кейіпкердің жеке мұрағатынан 5 Сәуір 2024 2024, 09:57
5 Сәуір 2024 2024, 09:57
924
Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Қызылордалық студент күн сәулесінен қуат алатын орындықтар ұсынуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өрікбай Саят - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 2-курс студенті. Ол жас болса да білім алушылар мен оқытушылардың жағдайын жеңілдететін жоба авторы. Саяттың бұл жобасы бүгінде университет ғимаратының алдында студенттерге қызмет етуде.

Менің жобам студенттерге таза ауада емін-еркін жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Жобаны әзірлеуге 1 жыл уақытымды арнадым. Ең алдымен темір каркас пен ағаштан орындығымыздың дизайнын жасап, Алматы қаласынан күн сәулелерін қабылдайтын қуаттағыш, порт секілді бөлшектерді алдырттық, - деді ол.

 

кейіпкердің жеке мұрағатынан

Жас ғалым бүгінде оның жобасына қаладағы мектептер мен оқу орындары қызығушылық танытып, ұсыныс жасап жатқанын айтады.

Наверх