Syntharion жобасы дәстүрлі әдіспен байқау қиынға соғатын NEO-объектілерді табады. Сондай-ақ нақты астероид іздерін модельдеуге мүмкіндік береді.
Астероидтар өте кішкентай, жарығы әлсіз, тез қозғалады. Сондықтан қарапайым бақылау кезінде назарға ілінбей қалуы мүмкін. Заманауи технологиялар мен компьютерлік талдау мұндай объектілерді анықтауға мүмкіндік береді. Астероидтарды табу үшін аспанның бір аймағын бірнеше рет суретке түсіреміз. Суреттерді салыстырған кезде жұлдыздар орнында қалады, ал астероидтардың орны өзгереді. Осылайша қозғалып тұрған нысандар анықталады, – деді Аяулым Тәуекел.
Жоба авторлары бақылау нәтижесінде төрт жаңа астероидты тапқан
Біз төрт түн бойы аспанды бақылап, бұрын ғылыми каталогтарға енгізілмеген астероидтарды тіркедік. Аспан денелерін қосымша зерттеу қажет. Мұндай зерттеу Күн жүйесінің пайда болуын түсінуге және Жерге жақындайтын қауіпті нысандарды ерте анықтауға көмектеседі, – деді оқушы.
Өте шағын астероидтар атмосферада жанып кеткенімен, ірілері жарылыс, өрт, цунами және климаттың өзгеруі сияқты жергілікті немесе жаһандық деңгейдегі зардапқа әкеп соғады. Адамзат қауіпсіздігі үшін маңызды жобаның авторлары жуырда NASA International Space Apps Challenge халықаралық байқауында 1-орынды иеленді.