Қызылордалық кәсіпкер мәрмәр тастан ыдыс жуғыш шығарып жатыр

12 Қаңтар 2023, 12:00
1188
Бөлісу:
Қызылордалық кәсіпкер мәрмәр тастан ыдыс жуғыш шығарып жатыр

Қызылордалық азамат мәрмәр тастан ыдыс жуғыш жасап, табысқа кенеліп жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бауыржан Қамзаев  бұл өнердің қыр-сырын былтыр сырт жақтан үйреніпті. Идеясын қағазға түсіріп, жоспар жасап, мемлекеттен 5 млн-ға жуық грантты ұтып алған. Қазіргі таңда керек қондырғыларды сатып алып, кәсібі арқылы табысқа кенеліп отыр. Болашақта үлкен цех ашып, кәсібін кеңейтуді мақсат етеді.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында осындай мүмкіндікке ие болдым. Содан тұрмысқа, үй жағдайына қажет раковиналарды шығаруды бастап кеттім. Қазіргі таңда «NOMAD» жеке кәсіпкерлігін құрып, раковинаның әр түрін шығарудамын,-дейді ол.

Сондай-ақ, мемлекеттен қайтарымсыз грант алу оның мақсатына жетуге жол ашқанын айтады. Бүгінде ол 12 түрлі дизайнмен мәрмәр тастан құйылған раковиналарды шығаруда.

 Өндіріске қажетті барлық шикізат өзімізде бар. Аралдың «Шөміш» ауылынан шығатын кварц құмын, кальцит, смола, мрамор ұнтағы, гелькоат және түрлі түс беретін пигменттерді арнайы қалыпқа құямыз. Кәсібіме қолдау білдіріп, сатып алуға ынта танытып жатқан кәсіпкерлер де көп.Өнімдердің бағасы 21 мың мен 32 мың теңге аралығында,-дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы