Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қызылордада жыраулар референдумда ерекше дауыс берді

6 Қазан 2024, 14:34
908
Бөлісу:
 видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Бүгін республикалық рефрендумда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округіндегі №109 сайлау учаскесінде ақын-жыраулар дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халық аузында «Сыр елі – жыр елі» деп танылған Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Тұрмағамбет ауылы даңқты жырауларымен танымал. Бұл өлкеден Ешнияз сал, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет, Шораяқтың Омары, Жиенбай жырау сияқты даңғайыр ақын-жыраулар шыққан.

100 жырау шыққан өнерлі өлкенің тұрғындары да бүгін республикалық рефрендумда дауыс беруде.  

Учаскеде дауыс беруді ауылдың жыраулары бастады. Зәуре Кәрібаева, Дінислам Тоқсанбаев бастаған термешілер жырдан шашу шашты.

Қызылордада жыраулар референдумда ерекше дауыс берді
Өзгелердің жаңалығы