Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлік шығарған екі көпбалалы ана қамауға алынды

26 Қаңтар 2022, 09:00
1750
Бөлісу:
Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлік шығарған екі көпбалалы ана қамауға алынды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласында 5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік кезінде екі ана бүлікшілермен бірге облыс әкімдігінің ғимаратына баса көктеп кірген.

Бұл туралы Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бейнежазбада көрсетілгендей азамат Н.Ж мен Б.З тас лақтырып, әкімдіктің қоршауына мініп, балағат сөздер айтып, ғимаратқа заңсыз кірген.

Аталмыш екі анаға қатысты «сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне» Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі бойынша (жаппай тәртіпсіздікке қатысу) қылмыстық іс тіркеліп, жан-жақты және объективті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген. 

Бүгінгі күні екі азаматтың қылмыстық әрекеттерін толық мойындағандығы, асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуы, соңғыларының денсаулық жағдайы мен өздерінің өтініштерін ескеріп,  үйқамаққа ауыстырылды, - делінген хабарламада.

Әрбір дерек мұқият зерттеледі. Нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы