Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің бойынан жаңа туған шақалақ табылды, деп хабарлайды AstanaTV.
Оқи отырыңыз:
Полицейлер хабарламаны мұқият тексеріп, нәрестенің анасының өзі қоңырау шалғанын анықтады. Алғашында ол баладан бас тартпақ болғанымен, кейін райынан қайтқан.
ҚР ҚК-нің 119-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда кент тұрғыны босанған қызы екеуі Қазалы аудандық перзентханасында ем қабылдап жатыр. Қылмыстық іс тоқтату сатысында, – дейді полицейлер.