Қызылордада жалған "больничный" парағын жасаған адам сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 385-бабының 1-бөлігімен К.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы К. кінәсін мойындады.
Белгілі болғандай, сотталушы танысының әкімшілік қамауда болғанын біле тұра, оның жұмыстан босатылуының алдын алу үшін жалған еңбекке жарамсыз парақтарын жасаған.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы К. өзінің танысының әкімшілік қамауда болғанын біле тұра, оның жұмыстан босатылуының алдын алу үшін жалған еңбекке жарамсыз парақтарын жасаған. Сотталушының қылмыстық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен және іс бойынша басқа да құжаттармен дәлелденген. Сот үкімімен К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 385-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, - деп хабарлады Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі.