Қызылордада тағы бір жасөспірім төбелесте алған жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға 10 сәуір сағат 17:35 шамасында облыс орталығында болған.
Полицияға қала аумағындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында екі жасөспірім арасындағы төбелес туралы хабар түсті.
Төбелестен біреуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының (бұзақылық) бойынша полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаға байланысты күдікті жасөспірім Қызылорда қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.