Қызылордада су тапшылығынан 11 мың гектар күріш алқабы қысқарды

1 Шілде 2022, 03:36
1151
Бөлісу:
Қызылордада су тапшылығынан 11 мың гектар күріш алқабы қысқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сырдариядағы су деңгейінің төмендеуі Қызылорда облысына берілетін суаруға арналған су мөлшерінің төмендеуіне әкелді. Су тапшылығы күріш алқабының 11 мың гектарға қысқаруына себеп болды, деп жазды inbusiness.kz.

2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында елімізде 89 мың тонна күріш өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,9 пайыз аз. Облыс көлеміндегі барлық өнімнің 93,1 пайызы Қызылорда облысының үлесінде – мұнда 82,8 мың тонна күріш өндіріледі, ал жылдық өсім 3,6 пайызды құрады.

Еnergyprom.kz сарапшыларының айтуынша, негізгі өндіруші өңірден басқа күріш Алматы және Түркістан облыстарында да өндіріледі – сәйкесінше 4,3 мың және 1,8 мың тонна.

Екі облыста да өндіріс көлемінің төмендеуі байқалып отыр: Алматыда – 11,8%-ға, ал Түркістанда – бірден 3,2 есеге азайды.

Анықтама үшін, жалпы 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында республика бойынша күріш өндірісі жылына 5,7%-ға өсіп, 210,7 мың тоннаны құраған.

Қазақстандық күріш егіншілері ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірінде (ішкі нарық пен экспортты қосқанда) күрішке деген сұранысты 95,3%-ға жапты, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 97,3%-ды құраған. Импорттың үлесі тиісінше 4,7%-ға дейін өсті. Елімізге 3,5 мың тонна күріш әкелінді, бұл бір жыл бұрынғыдан 76,6 пайызға артық. Экспорт бұл ретте 28,9%-ға төмендеп, 28,7 мың тоннаны құрады. Нәтижесінде, ішкі нарықтағы сату бір жылда 41,7%-ға өсіп, 46,4 мың тоннаны құрады.

БІР ЖЫЛДА КҮРІШ БАҒАСЫ 10,7 %-ҒА ӨСКЕН

Мамандардың көрсеткен мәліметтеріне сәйкес, төрт айдың қорытындысы бойынша 11 миллион долларға 29,1 мың тонна күріш экспортталды. Физикалық мәнде төмендеу 29,1%-ды, ақшалай түрде 5,6%-ды құрады.

Қазақстандық күріштің басым бөлігі ТМД елдеріне жөнелтіледі. 9,9 млн АҚШ долларына 27,2 мың тонна күріш эспортталды. Бұл сегментте физикалық түрде экспорт 32%-ға төмендеді. Күріштің ең үлкен көлемі Ресейге жеткізіледі (14 мың тонна). Одан кейін Тәжікстан мен Украина да жөнелтіледі.

Қазақстан ТМД-ға кірмейтін әлемнің қалған елдеріне 1,9 мың тонна күріш жөнелтті, бұл бір жыл бұрынғыдан 81%-ға артық. Олардың қатарында Моңғолия, Ирак және Түркия көш бастап тұр.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстанда күріштің орташа бөлшек сауда бағасы келісіне 406 теңгені құрады, бұл сәуір айымен салыстырғанда 1,8 пайызға жоғары. Айта кетерлігі, жыл басынан бері күріш құны 10,2 пайызға, бір жылда 10,7 пайызға өскен.

АСТАНАДА КҮРІШ БАҒАСЫ ҚЫМБАТ

Еліміздің ірі қалаларының арасында күріштің ең жоғары бағасы елордада байқалды – бір келісі 537 теңге тұрады. Одан кейін Ақтау мен Қарағандыда әр келісіне 490 теңге белгіленген, сондай-ақ Павлодарда бір келі күріш 457 теңге тұрады.

Ең арзан күріш Петропавлда, күріштің келісі 302 теңге.

Өзгелердің жаңалығы