Қызылордада соқтығысқан екі көлік өртеніп кетті

30 Қазан 2022, 03:40
881
Бөлісу:
Қызылордада соқтығысқан екі көлік өртеніп кетті

Қызылорда облысында көше бойында соқтығысқан екі көлік толығымен жанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 29 қазан күні сағат 10.40-та Шиелі кентіндегі Жолдасбеков және Ергешбаев көшелерінің қиылысында болған. Көше бойында соқтығысқан екі көлік те өртке оранды.

Оқиға орнына №13 өрт сөндіру бөлімінен 5 қызметкер 1 техникамен барды. Cоқтығысу салдарынан «Audi 100» және «Daewoo Nexia» көліктері толығымен жанып кетті. Өрт сөндірілді. Оқиғадан қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

Өзгелердің жаңалығы