Қызылордада сиырды жеңіл автокөлікке салып, ұрлап бара жатқандар ұсталды

Бүгiн, 08:30
182
Бөлісу:
Қызылордада сиырды жеңіл автокөлікке салып, ұрлап бара жатқандар ұсталды
Фото: Қызылорда облыстық ПД

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ақтан батыр ауылының тұсында сиырды жеңіл автокөлікке салып алып, ұрлап бара жатқандар ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.

Күшейтілген түрде кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлері "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Ақтан батыр ауылына жақын жерде өтіп бара жатқан "Volkswagen" маркалы көлікті тоқтатты. Артқы есігін ашып қараса, төрт тұяғын бүгіп сиыр отыр екен. Сөйтсе, екі адам сиырды Қазалы ауданындағы көрші ауылдан ұрлап, сатуға апара жатқан, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлігі айып алаңына қойылды. Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осы тектес деректерге қатыстылығы тексерілуде.

Өзгелердің жаңалығы