Қызылордада жеке тұрған бір қабатты қойма үй-жайы өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қызылорда қаласында, Суриков көшесінде жеке тұрған бір қабатты қойма үй-жайында өрт болды. Арнайы техникадан және екі шаруашылық ғимаратта жиналған дөңгелектер жанып кетті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 200 шаршы метр аумақта жойылды, - деп жазылған хабарламада.
Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.