Қызылорда қаласында 11 қыркүйекте таңертең қатты жел тұрып, сауда үйінің шатырын ұшырып әкеткен. Жалбыраған көлемді құрылыс жабындысы ғимарат жанындағы көліктердің үстіне түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін сағат 11-тен 34 минут өткенде облыс ТЖД-ға қатты желдің (екпіні 22 м/с дейін) салдарынан Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі, 13 мекенжайдағы "Гүлжан" сауда үйінің 180 шаршы метр болатын шатыры құлағандығы туралы ақпарат келіп түсті (ғимараттың жалпы ауданы 400 ш. м.). Нәтижесінде 2 жеңіл автокөлікке зақым келді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына ТЖД-нен 11 қызметкер және 2 бірлік техникасы жұмылдырылды, - деп жазылған Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа.